Лицензиялық турнир: 8 наурыз күні шаршы алаңға кімдер шығады

АСТАНА. KAZINFORM – Италияның Бусто-Арсицио қаласындағы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынып жатқан турнирде 8 наурыз күндері шаршы алаңға кімдер шығатыны белгілі болды.

Махмұд Сабырхан
Фото: Olympic.kz

Бүгін әйелдер арасында екі, ерлер арасында екі, жалпы төрт боксшымыз шаршы алаңға шағыды.

Сағат Астана уақытмен көрсетілген.

Күндізгі сессия:

16:30

66 кг. Наталья Богданова - Лорена Соледад Балбуэна (Аргентина)

17:30

80 кг. Нұрбек Оралбай - Прева Падабади (Того)

Кешкі сессия:

19:30

50 кг. Алуа Балқыбекова - Клавдия Тотова (Чехия)

20:30

57 кг. Махмұд Сабырхан - Саравут Суктет (Тайланд).

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов екінші рет жеңіске жеткенін жазған болатынбыз. Боксшы аталған әлемдік турнирдің 1/16 финалында (71 кг) польшалық Дамиан Дуркачті жеңді.

Сондай-ақ ерлер арасында 63,5 келідегі ел намысын қорғап жатқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 1/16 финалда Еуропа чемпионы Радослав Росеновтан жеңіліп қалды.

Сонымен қатар бүгін 54 келі салмақта Жайна Шекербекова іріктеу кезеңінің алғашқы айқасында 1/16 финалда Нигерия өкілі Шукура Каримге есе жіберіп, жарысты аяқтаса, тағы бір бұрымды боксшымыз 60 келіде жұдырықтасқан боксшымыз Римма Волосенко төртінші жекпе-жегінде, яғни, ширек финалда Словакия спортшысы Мирослава Жединаковаға төрешілер шешімімен есе жіберіп, лицензиядан құр қалды.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынып жатқан турнир 3 наурызда басталған болатын. Жарыс 12 наурыз күні мәресіне жетеді. Аталған турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынуда. Қазақстан құрамасынан ерлерден 6, әйелдерден 5 боксшы жолдамаға таласып жатыр.

Соңғы жаңалықтар