Лицензиялық турнир: Айбек Оралбай алғашқы айқасында Азия чемпионын ұтты

Айбек Оралбай
Фото: Аян Төлеген

АСТАНА. KAZINFORM – Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде бүгін 92 келі салмақта ел намысын қорғайтын боксшымыз Айбек Оралбай алғашқы жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын сенімді түрде ұтты.

Бұл — Айбек Оралбайдың лицензиялық турнирдегі алғашқы айқасы. Ол бүгін Азия чемпионы, 2 мәрте әлем чемпионатының ширек финалисі үндістандық Санжит Санжитті айқын басымдылықпен жеңді.

бокс
Фото: Аян Төлеген
Айбек Оралбай
Фото: Аян Төлеген

Естеріңізге сала кетейік, осыдан шамалы уақыт бұрын 51 келіде сынға түскен әлем чемпионы Сәкен Бибосынов 1/16 финалда Кения спортшысы Дэвид Каранча Мачарианы төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді.

Сондай-ақ, бүгін әйелдер арасында 60 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Римма Волосенко аталған турнирде үшінші жеңісіне қол жеткізіп, ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Аталған турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына ерлерден алты, әйелдерден бес боксшы қатысуда. 3-12 наурыз аралығында өтетін лицензиялық турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынып жатыр.

Соңғы жаңалықтар