Лицензиялық турнир: Бүгін грек-рим шеберлері 12 жолдаманы сарапқа салады
БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирде бүгін грек-рим күресінің шеберлері Париж Олимпиадасының жолдамаларына таласады.
Аталған турнирде грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының 12 жолдамасы сарапқа салынады.
Жарыс жолына шығатын қазақстандық балуандар:
60 келі - Айдос Сұлтанғали
67 келі - Мейіржан Шермағанбет
77 келі - Демеу Жадраев
97 келі - Олжас Сырлыбай
130 келі - Әлімхан Сыздықов.
Алғашқы іріктеу сындары Астана уақытмен 09:30 да басталады. Ал жолдама сарапқа салатын финалдық белдесулер 17:00 ге жоспарланған.
Бүгін Азия құрлығының Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінің соңғы жарыс күні. Алғаш жарысты еркін күрес шеберлері бастаған болатын. Нәтижесінде 97 келі салмақта Әлішер Ерғали мен 125 келі салмақта Юсуп Батырмұрзаев Париж олимпиадасына жолдама алды.
Ал кеше, яғни екінші жарыс күні бұрымды балуандарымыз төртжылдық басты доданың лицензиясына таласты. Өкінішке қарай алты балуанымыз сынға түсіп, барлығы жолдамаға қол жеткізе алмады.