Лицензиялық турнир: бүгін шаршы алаңға кімдер шығады
АСТАНА. KAZINFORM – Бусто-Арсициодағы Олимпиада жолдамалары сарапқа салынып жатқан турнирде бүгін шаршы алаңға кімдер шығатыны белгілі болды.

Бүгін әйелдер арасында бір, ерлер арасында төрт, жалпы бес боксшымыз ринг төріне көтеріледі.
Күндізгі сессия:
50 келі. 1/8 финал. (17:00) Алуа Балқыбекова Джу Хюнг Чон
51 келі. 1/8 финал. (18:45) Сәкен Бибосынов Азат Махметов
Кешкі сессия:
80 келі. 1/8-финал. (19:15) Нұрбек Оралбай Алексей Алферов
57 келі. 1/8-финал. (23:30) Махмұд Сабырхан Хосе Калеб Паган Тирадо
71 келі. 1/8-финал. (00:30) Асланбек Шымбергенов Байрамдұрды Нұрмұхамедов
Айта кетейік, бұған дейін Айбек Оралбайдың қарсыласын жеңіп, Олимпиада лицензиясына бір табан жақындағанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ әйелдер арасында Қазақстан құрамасының атынан сынға түскен Наталья Богданованың жарыс жолынан шығып қалғанын хабарладық.