Лицензиялық турнир: Мұхамедсабыр алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Мухамедсабыр Базарбайулы уверенно победил на старте лицензионного турнира в Италии
Фото: ҚР ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM - Таиландының Бангкок қаласында өтетін бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінің екінші жарыс күнінде, 26 мамырда Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) қарсыласын жеңді.

Қазақстандық былғары қолғап шебері 1/32 финалда филиппиндік Кристиан Питт Лорентпен кездесті.

Кристиан Питт Лорент 2018 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. Сондай-ақ, көптеген турнирлерде жеңімпаз болды. Кәсіпқой бокста да сынға түсіп жүр.
Жекпе-жек барысында ол қарсыласынан басымдығын байқатты. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан қазақстандық боксшының жеңісіне қолдау білдірді.

Мұхамедсабыр Таиландта өтетін турнирге Астанадағы іріктеу жарысында жолдаманы жеңіп алды. Жарыс барысында ол Ертуған Зейнулинов, Жандос Қыдыралиев және Дулат Бекбауов секілді қарсыластарын қапы қалдырды.

Айта кетсек, 25 мамырда Назым Қызайбай (50 келі) Николь Дурикованы жеңіп, жарыстың келесі сатысына шықты.

Сондай-ақ, әйелдер құрамасында Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі) мен Валентина Хальзова (75 келі) ел намысын қорғайды.

Соңғы жаңалықтар