Лицензиялық турнирдегі қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 3 наурызда Италияның Бусто-Арсицио қаласында жалауын көтеретін халықаралық турнирдегі қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды. Онда 2024 жылғы Париж олимпиадасына жолдамалар сарапқа салынады.

бокс
Фото: boxingkazakhstan/Instagram

Ерлер құрамасы:

51 келі: Сәкен Бибосынов - Каннет Чун Хим Тан (Гонконг)

57 келі: Махмұд Сабырхан - Ядеса Лета (Эфиопия)

63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбай - Доннел Филлип (Тринидад және Тобаго)

71 келі: Асланбек Шымбергенов - Сэм Моровати

80 келі: Нұрбек Оралбай - Седрик Белони-Дюльепре (Гаити)

92 келі: Айбек Оралбай - Санжит (Үндістан)

Әйелдер:

50 келі: Алуа Балқыбекова - Айлин Джеймс (Гватемала)/Клаудия Тотова (Чехия)

54 келі: Жайна Шекербекова - Шукура Карим (Нигерия)

60 келі: Римма Волосенко - Хаднас-Сах Тианна (Гайана)

66 келі: Наталья Богданова - Соледад Бальбуэна (Аргентина)

75 келі: Валентина Хальзова - Бустра Исильдар (Түркия)/Инга Мальдонадо (Эквадор)

Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Азия ойындарында Карина Ибрагимова (57 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) Париж Олимпиадасына жолдама алып үлгерді.

 

Соңғы жаңалықтар