Литва Сеймінің депутаттары Қазақстан туралы көбірек білгісі келеді

None
None
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов Литва Республикасы Сеймі Төрағасының халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Альгис Кашетаны қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл мейман ертең өткелі тұрған «Қазіргі Қазақстан және «Еуропаға жол» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға арнайы келген болатын. Мәжіліс Төрағасы кездесуде Парламент қабырғасында өткелі тұрған халықаралық конференцияға қатысуға арнайы келгені үшін мейманға ризашылығын білдірді. Шетелдікке Қазақстанның қазіргі саяси жағдайы жөнінде әңгімелеп берді. Альгис Кашета мырза аталған форумға шақырылғанына рақметін айта отырып, Қазақстанның экономикалық және саяси жетістіктері айтарлықтай екенін, Литва қазақ елін өзінің сенімді әріптесі санайтынын жеткізді. Осындай халықаралық басқосулар арқылы мол тәжірибе алатындығын айтты. «Литва елінің Сеймінде 140 тан астам депутат болса, соның 63-і, яғни, тең жартысы «Литва-Қазақстан» достық тобының мүшелері. Осыдан-ақ әріптестеріміздің сіздің елге деген шын пейілін байқауға болады. Олар Қазақстан туралы көбірек білгісі келеді»,- деді Альгис Кашета мырза.
Соңғы жаңалықтар