Ливан жолаушыларға ұшақ бортына пейджер мен рация алып кіруге тыйым салды
АСТАНА. KAZINFORM – Ливанның азаматтық авиация басқармасы Бейрут халықаралық әуежайынан ұшатын жолаушыларға ұшақ бортына пейджер мен рация алып кіруге тыйым салды. Бұл туралы циркуляр Бейрутқа және одан ұшатын авиакомпанияларға жіберілді, деп хабарлайды ТАСС.
– Біз Бейруттың Рафик Харири халықаралық әуежайына және одан ұшатын барлық авиакомпанияларды өз тұтынушыларына бүгіннен бастап келесі ескертуге дейін ұшақ бортында пейджер мен рацияларды тасымалдауға тыйым салынғанын хабарлауға шақырамыз, – делінген хабарламада.
Бұл тыйым байланыс құралдарын қол жүгінде де, багажда да тасымалдауға қатысты, деп атап өтті азаматтық авиация департаменті.
– Егер табылса, аталған құрылғыларды әуежайдың қауіпсіздік қызметкерлері тәркілейді, – деп ескертті департамент. Циркуляр жарияланғаннан кейін бірден күшіне енеді.
Айта кетейік, осыған дейін Ливандағы пейджерлер жарылып жүздеген «Хезболла» мүшесі жарақат алғанын жаздық.
«Хезболла» бған Израильді кінәлады.
Хизболлаға пейджерлерді жеткізген компанияның иесі жұмбақ жағдайда ғайып боланы анықталды.
Израиль Ливандағы пейджерді бомбалау операциясын дайындауға 15 жыл жұмсағаны белгілі болды.