Ливанда қазақстандық-ливандық қарым-қатынас туралы кітаптың тұсауы кесілді
Қазақ, араб және ағылшын тілдерінде шыққан еңбекте екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты орнату тарихы туралы баяндалып, саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстар туралы ақпараттар ұсынылған, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен. Кітапта Қазақстан-Ливан ынтымақтастығының болашағы туралы екі елдің жоғары лауазымды тұлғаларының пікірлері, сондай-ақ қос елдің қатынастарының дамуының хронологиялық фотоматериалдары жарияланған.
Шараға Үкімет өкілдері, парламентарийлер, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, шетел дипломаттары, бизнесмендер, журналистер, сондай-ақ Қазақстан-Ливан достық қоғамының мүшелері қатысты.
Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Елшісі Болат Сәрсенбаев өзінің кіріспе сөзінде бірінші кезекте Ливанның саяси қайраткерлеріне кітапқа енген екі елдің ынтымақтастығы туралы жазған жылы пікірлері үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, бірқатар мәселелер бойынша өзара түсіністік пен келісімнің жоғары деңгейіне мән бере отыра, аталмыш мемлекеттердің әртүрлі салалардағы қол жеткізген жетістіктерін атап өтті.
Игі шараның қатысушылары қысқа мерзім ішінде жүзеге асқан екі мемлекеттің ынтымақтастығының жоғары деңгейі туралы айта кетіп, Ливанның Қазақстанмен алдағы уақытта да достастық және өзара тиімді қатынастарын нығайтуға ниетті екендіктерін білдірді.