20:25, 09 Маусым 2022 | GMT +5
Ливандағы ірі орманда өрт маусымы басталды
БЕЙРУТ. ҚазАқпарат – Ливанның құтқару командасы сәрсенбі күні ірі қарағайлы ормандағы өртті сөндірмекші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат France24-ке сілтеме жасап.

Сейсенбі күні кешке Миние-Даниенің солтүстік аймағында өрт шықты. Ливан Қарулы күштері мен ерікті өрт сөндірушілер Таяу Шығыстағы ең үлкен қарағай ормандарының бірін сөндіруге тартылды.
«Өкінішке қарай, орман өрті маусымы Даниенің Батрамаз орманында басталды», - деді қоршаған орта министрі Насер Ясин.
Сондай-ақ ол өртті біреудің әдейі ұйымдастыруы мүмкін екенін хабарлап, билікті тергеу жүргізуге шақырды.
Ливан күрделі қаржы дағдарысымен күресіп жатыр. Елде соңғы кезде жиілеп кеткен орман өртімен күресу үшін құрал-жабдықтар мен мүмкіндік жоқ.