LIVE: ҚР Құрылтайының отырысы

АСТАНА. KAZINFORM - Елордада ҚР Құрылтайының екінші отырысы өтіп жатыр. Онда депутаттар алдағы 5 жылда Үкіметпен және Қазақстан Халық Кеңесімен жұмысын реттейтін маңызды құжатты қабылдайды. 

отырыс
Коллаж: Kazinform

7 қыркүйекте Құрылтай спикері Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен Бюро отырысында Құрылтай регламентінің жобасы талқыланған болатын. Енді осы құжат бүгінгі отырыстың күн тәртібіне шығарылып отыр. Регламент жобасы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның нормаларына сәйкес әзірленген.

Еске сала кетсек, 28 тамыз күні Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы ҚР Құрылтайының бірінші сессиясы өтті. 

Бұған дейін Құрылтайдың жалпы отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет жұмысының басты бағдарын атаған еді