15:55, 02 Қазан 2025 | GMT +5
LIVE: Мажарстан Президенті Тамаш Шуйоктың Қазақстанға ресми сапары
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок ресми сапармен келді.

Сапар аясында президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок Digital Bridge 2025 халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысты.