LIVE: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

АСТАНА. KAZINFORM — Қазір Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялайды. 

Жолдау-2026
Фото: Kazinform

Биылғы Жолдау «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» деп аталады.

Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкіметтің және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысып отыр.

Мемлекет басшысының Жолдауы республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Жолдаудың онлайн трансляциясын Jibek Joly эфирінен, сондай-ақ телеарнаның YouTube арнасынан және Kazinform сайтынан қарауға болады.

Жолдау мәтіні агенттіктің телеграм арнасында жарияланады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұның алдындағы Жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» деген тақырыппен 2025 жылыдң 8 қыркүйегінде жарияланды.