10:20, 28 Мамыр 2025 | GMT +5
LIVЕ: Руанда Президенті Поль Кагаменің Ақордаға ресми сапары
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанға Руанда Президенті Поль Кагаме ресми сапармен келді. Jibek joly телеарнасы Ақордадағы қабылдау рәсімін тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Бұған дейін хабарланғанындай, сапар аясында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланып, бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.
Бұл қадам қос елдің экономикалық қарым-қатынасына жаңа тыныс сыйлайды деген пікір бар. Осы орайда Kazinform тілшісі кездесудің мәні мен тиімді мүмкіндігін саралап көрді.