LIVE: Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің мемлекеттік сапары

АСТАНА. KAZINFORM - Ақордада Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті ресми қарсы алу рәсімі басталды. 

Бердімұхамедов
Коллаж: Kazinform

Түрікменстан Президентінің Астанаға мемлекеттік сапары 24-25 қараша күндеріне жоспарланған

Сапар аясында тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.

Соңғы отыз жылдан аса уақыт ішінде Астана мен Ашхабад саяси, экономикалық және көлік-логистикалық салаларды қамтитын өзара ынтымақтастықты тұрақты дамытты. Серіктестіктің негізгі бағыттарын Kazinform тілшісі сарапшылармен бірге талдап шыққан еді.

Сердар Бердімұхамедовтің ұшағы Астанаға кеше түс ауа қонды, мәртебелі мейманды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алып, Құрмет қарауылы сап түзеді. 

Түрікменстан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар салаларға қатысты келіссөздер жүргізіледі.

 

 

Соңғы жаңалықтар