18:10, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
Лондон-2012: Қазақстан қоржынында 91 лицензия бар
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Қазақстан еншісінде Лондон Олимпиадасының 91 лицензиясы бар.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев мәлім етті.
«Бүгінгі кезде спортшылардың дайындығы өте жоғары деп есептеуге болады. Оларға барлық жағдай жасалынды. Қазіргі күні 91 адам Олимпиадаға баруға белгіленді», - дейді агенттік басшысы.
Т. Ермегияевтің айтуынша, Лондон Олимпиадасында Қазақстан негізінен ауыр атлетика, күрес және жыл сайын қоржынымызға алтын медаль салып тұратын - бокс сынды спорт түрлеріне иек артпақ.
«100-ден астам лицензия алу жоспарын құрып отырмыз. 9 шілдеде Қазақстан делегациясының саны, әрбір құраманың сапында қанша адамнан болатыны түпкілікті белгілі болады», - деп атап көрсетті ол.