Лондон-2012: Жоғары салмақтағы ауыр атлеттер И.Ильиннің рекордына жете алмады

АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында 105 келі салмақ санатына дейінгі ауыр атлеттер арасындағы сайыстар аяқталды.
None
None

Осы топта Украинаның зілтеміршісі бірінші орынға ие болса, екінші және үшінші орынды Иран мен Польша атлеттері иеленді. Бұл салмақта ең үздік көрсеткіш - 412 келі. Ал Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, қазақстандық атлет И.Ильин (94 келі) күні кеше ғана 418 келіні бағындырып, әлемдік рекордты жаңартқан болатын.

Айта кетейік, 105 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық Александр Зайчиков 12-ші орыннан көрінді.

Соңғы жаңалықтар