«Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы лицензиясынан айрылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаржы нарығын реттеу және даму агенттігі «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясының лицензиясын қайтарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Агенттікке сілтеме жасап.
«Лицензия қайтарылғаннан кейін «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. Жұмысын тоқтатқан компанияның құқықтары мен міндеттері «Freedom Finance Insurance» сақтандыру компаниясы» АҚ-қа өтті», - делінген хабарламада.