Лондон Олимпиадасы: Александр Винокуров уақытқа жарыста жоғары наградаға қол жеткізе алмады

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Бұған дейін Лондон Олимпидасының алтынын қанжығасына байлаған велошабандоз Александр Винокуров, бүгін өткен - уақытқа жарыста жоғары наградаға қол жеткізе алмады.
None
None

Жекелей сында жерлесіміз 44 шақырымды 55 минут 37,5 секундта жүріп өтті. Осылайша, ол 23-ші орынға тұрақтап, үздік ондыққа енбей қалды.

Қазақстандық екінші спортшы Аслан Базаев 44 шақырымдық дистанцияны 56 минут 40,77 секундпен аяқтап, 31-орынды місе тұтты.

Айта кетейі, бірінші орынға Ұлыбритания велошабандозы Брэдли Виггинс (50:39:54) қол жеткізді. Екінші орын неміс Тони Мартинге бұйырса, үшінші жүлдеге тағы бір британдық спортшы Кристофер Фрум ие болды. 

Винокуровтың спорттық өмірбаяны толағай жеңістерге толы. Ол түрлі кәсіпқой командалар сапында өнер көрсетіп, көптеген халықаралық жарыстарда топ жарды. «Тур де Франс», «Вуэльта» және «Джиро де Италия» көпкүндіктерінде жасындай жарқырады. Сидней Олимпиадасында күміс медальді мойнына ілсе, әлем чемпионаттарында бірнеше рет жүлдегер атанды. Енді міне, Олимпиада-2012 жарысында алтын олжалады. Винокуровтың ел спортына сіңірген ерен еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды.

Соңғы жаңалықтар