18:13, 02 Қазан 2012 | GMT +5
Лондон Олимпиадасы үздіктеріне 4,4 млн. АҚШ долларына тең сый жасалыпты
АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильин Лондондағы жеңісінен кейін барлығы 760 мың доллар (шамамен 114 млн. тг.) сыйақы алған. «Аламан» спорт агенттігінің мәліметіне қарағанда, ал Серік Сәпиев 478 мың долларға (70,7 млн. тг.) байыпты.

Ал ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза, Светлана Подобедова 420 мың доллардан (63 млн. тг) алған.
Александр Винокуровқа 350 мың доллар, ( 53 млн. тг), Ольга Рыпаковаға 313 мың доллар (47 млн. тг)ғ Әділбек Ниязымбетовке 306 мың доллар (46 млн. тг.) сый жасалыпты.
Даниял Гаджиев, Гюзель Манюрова, Марина Вольнова, 201 мыңнан 221 мың долларға әмияны қампайған. Ақжүрек Таңатаров қоласы үшін 171 мың доллар сый алыпты. Иван Дычко130 мың доллар алған.