Лондон Олимпидасындағы жетістік - ол мемлекеттің спортқа деген қамқорлығының нәтижесі - Елбасы

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Лондон Олимпидасындағы жетістік  - ол мемлекеттің спортқа деген қамқорлығының нәтижесі. Бұл туралы бүгін  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бірінші арнадағы» «Воскресное время» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
None
None

Аталған бағдарламаның жүргізушісі Ирада Зейналованың: «Лондон Олимпиадасында қазақ командасы өте жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Атап айтқанда, атаулы доданың алғашқы күні бірінші алтынға ие болдыңыздар. Тек экономикалық тұрғыда емес, сонымен қатар спортта да осындай серпіліске қалай қол жеткізілді», - деп қойған сауалына Елбасы Н. Назарбаев: «Олимпиадаға тыңғылықты дайындық жүргізілді. Бұл яғни, осы тұрғыда мемлекеттің спортқа деген қамқорлығының нәтижесі мен спортшылардың дайындығының нәтижесі», - деп жауап қайтарды.

Осы орайда Президент  Бейжің Олипиадасынан кейін Тұманды Альбиондағы Олимпиадада Қазақстан спортшылары елеулі көрсеткішке қол жеткізгенін атап өтті.

«Қазақстан 7 алтын медальді иеленді,  бұл үлкен жеңіс», - деп түйіндеді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар