Лондон полицейлері лаңкестермен күрестің жаңа әдісін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон полиция қызметкерлері көліктерде болатын лаңкестік әрекеттердің алдын алу мақсатында жаңа әдіс ойлап тапты. Бұл жайлы британ полициясы мәлімдемесіне сілтеме жасаған The Times хабарлайды.

Лондон полицейлері лаңкестермен күрестің жаңа әдісін тапты

«Автотеррористерді» тоқтату үшін полицияға  вольфрамды инелері бар арнайы тор қолдану ұсынылды.

Жаңа арнайы құралға Talon («Тырнақ») деген ат берілді. Бұл тор  қозғалып келе жатқан көлік құралының алдына жайылады. Көлік «тырнақты» басқан кезде, инелер  доңғалағына қадалып, оны байлап-матап тастайды. Осыдан кейін доңғалақтар айналмай, көлік қозғала алмай қалады.

Мұндай торларды адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  көпшілік шаралары өткізілетін жерлердің айналасына  жайып тастауға болады.