Лондон Украинаны қалпына келтіруге 60 миллиард доллар бөлмек

21-22 маусым күндері өткен конференцияға 59 елдің министрлері, бизнес өкілдері және басқа да ресми тұлғалар қатысты.
Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Украинаны қалпына келтірудің жалпы қажеттілігі 411 миллиард долларды құрайды, оның 14 миллиарды ағымдағы жылы қажет.
«Еуроодақ қалпына келтіру және қайта құру үшін 50 миллиард еуроға дейінгі көпжылдық қаржыландыру механизмін жариялады. АҚШ Украинаға қосымша 1,3 миллиард доллар, оның ішінде маңызды инфрақұрылымдарын жаңартуға 675 миллион доллар бөлетінін жариялады», - делінген конференцияны ұйымдастырушылардың бірлескен мәлімдемесінде.
Сондай-ақ, құжатта Ұлыбритания Дүниежүзілік Банктің 2027 жылға дейін қосымша несиелендіруін қолдау үшін тағы 3 миллиард доллар кепілдеме, сондай-ақ шұғыл қажеттіліктерге 240 миллион фунт стерлинг бөлетінін айтты. Швейцария 2027 жылға дейін қолдау көрсету үшін тағы 1,5 миллиард швейцариялық франк бөлетінін жариялады.
Тимур Дүйсекеев