Лондонда белсенділер Британ империясының тәжі салынған витринаны зақымдады
АСТАНА. KAZINFORM – Лондон мұнарасындағы Crown Jewels сақталған витринаға кремі қосылған алма бәлішін лақтырып жіберген 4 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Kazinform BBC-ге сілтеме жасап.
Хабарламаға сәйкес, ұсталғандардың екеуі кейін оқиға орнынан кетіп қалған.
Лондон полициясы көп ұзамай мүлікке қасақана зиян келтірді деген күдікпен 4 адамның ұсталғанын хабарлады. Олар қамауға алынды.
Лондон мұнарасындағы британиялық Crown зергерлік бұйымдары келушілер үшін уақытша жабық.
Take Back Power белсенділер тобы оқиғаға байланысты жауапкершілікті өз мойындарына алды. Бұл топ Ұлыбритания үкіметінен «байларға салық салып, Ұлыбританияны жөндей алатын» тұрақты азаматтар жиналысын – «Халық үйін» құруды талап ету үшін наразылық ұйымдастырғанын айтты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ұлыбританияға көшіп келетіндер саны 400 мыңға кемігенін жазғанбыз.