Лондонда еліміздің коммерциялық банктерінің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жөнінде инвесторлармен келіссөздер жүргізіледі - Қ. Келімбетов

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамыр айының ортасында Лондонда Қазақстанның коммерциялық банктерінің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жөнінде инвесторлармен келіссөздер жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Астанада Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің барлық деңгейдегі әкімдермен өткізген кеңесінде «Самұрық-Қазына» қорының Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Мамырдың 16-18-і күндері Лондонда Еуропадағы қайта құру және даму банкінің жыл сайынғы жиналысының аясында қарызды қайта құрылымдау бойынша инвесторлармен алдын ала келіссөздер жүргізілетін болады», - деді кеңесте Қ. Келімбетов. Осы орайда Қ. Келімбетов еліміздегі жүйе құрушы банктер клиенттерімен қалыпты режімде жұмыс істеп жатқанын атап көрсетті. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Үкіметтің мамырдың 12-сі күнгі отырысында Қ. Келімбетов БТА банктің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жөніндегі ұсыныс оның кредиторларына банктің 2008 жылғы қаржылық есептілігінің аудиті аяқталғаннан кейін, мамырдың ортасына таман енгізілетін айтқан болатын. «Мамырдың ортасында БТА банкінің консультанттары - Goldman Sachs и UBS оның орнықтылығын бағалау үшін банктің қаржылық моделін ұсынады. Соған дейін банктің 2008 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін аяқтау көзделіп отыр. Осыған ұқсас жұмыстар Альянс банкінде де жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша аталмыш банктердің кредиторларына олардың міндеттемелерін қайта құрылымдау жөніндегі консультанттармен келісілген ұсыныстар енгізілетін болады», - деген болатын отырыста Қ. Келімбетов.
Соңғы жаңалықтар