Лондонда Фрэнсис Бэконның «Автопортретке үш нобай» атты туындысы 21,5 млн. долларға сатылды

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Ағылшынның танымал эксперимент жасаушы-суретшісі Фрэнсис Бэконның (1909-1992) «Автопортретке үш нобай» атты шығармасы британдық астананың «Сотбис» бәссауда үйінде сейсенбі күні өткізілген саудада 13,8 млн. фунттай сомаға (21,5 млн. доллар) сатылды.
None
None

Бұл триптих сессияның барысында сатылған ең қымбат лот болды. Бэконның «Портретке нобай» аталатын тағы бір картинасы алдын ала болжанған бағалардан екі есеге артық сатылды - ол үшін сатып алушы 4,5 млн. астам фунт (7 млн. доллар) төледі.

Сауда қорытындыларының нәтижесінде 56 лоттан түскен ақша 74,4 млн. фунтты (116,4 млн. доллар) құрады, деп ақпараттандырды «Сотбис» үйінен.

Соңғы жаңалықтар