Лондонда қойылған Бэнкси граффитиін бір сағаттан соң ұрлап кетті

Лондонда қойылған Бэнкси граффитиін бір сағаттан соң ұрлап кетті
Фото: instagram

Екі ер адам стрит-арт суретші Бэнксидің жұмысын авторлығын растағаннан кейін бір сағаттан соң ұрлап кетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Лондонның оңтүстігінде жаңа граффити пайда болғаны туралы жұма 12:00-де белгілі болды. Онда сегізбұрышты STOP жол белгісінің үстінде ұшып бара жатқан үш әскери дрон бейнеленген.

Бұзақылар Бэнкси авторлығын растағаннан кейін шамамен жарты сағаттан соң граффити тұрған жерге келген. Кетіп бара жатқан адамдар ұрлық үстінен түсіп, бейнероликті интернетке жүктеген.

Бэнкси жұмысының мағынасын түсіндірмегенімен, көпшілік оны Газа секторына әуеден соққы жасауды тоқтатуға шақыру деп ұқты.

Суретшінің туындылары талай мәрте аукциондарда жүз мыңдаған және миллиондаған долларға сатылған. Дегенмен Бэнксидің ұрланған жұмысын әлемге танымалдығы мен ұрлаудан туындаған резонанс салдарынан сату оңайға соқпайды.

Былтыр франциялық сот суретшінің 2015 жылғы париждік Bataclan концерт залындағы лаңкестік әрекет құрбандарына арнаған граффитиін ұрлағаны үшін сегіз адамды айыпты деп таныды.

 

 

Соңғы жаңалықтар