Лондонда Палестинаны қолдайтын белсенділер қор биржасын бұғаттамақ болған
Полиция Лондон қор биржасының жұмысына кедергі келтірмек болған алты палестиналық белсендіні ұстады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Daily Express газетінің жазуынша, полиция белсенділердің Израильдің Газа секторындағы әрекеттеріне наразылық ретінде сауданың басталуына жол бермеу үшін қаңтардың 15-і күні таңертең Лондон қор биржасы ғимаратының кіреберісін жауып тастауға дайындалып жатқанын хабарлағаннан кейін тергеуді бастады.
- 14 қаңтар, жексенбі күні таңертең Мерсисайд полициясының әріптестерімен бірлесіп жұмыс істейтін полиция қызметкерлері Ливерпульде қылмыстық зиян келтіру ниеті бар деген күдікпен 31 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлады Лондон полициясы.
Полиция сыбайлас деп таныған тағы бес адам жексенбі күні Лондон, Ливерпуль және Брайтоннан ұсталды. Алтауы да қамауда.
Полиция мәлімдемесінде ұсталғандардың Лондон қор биржасын бұғаттау үшін жоспарлаған әрекетінің соңы «ауыр жазаға әкелуі мүмкін» деп көрсетілген.