Лондондағы елшіліктегі сайлау учаскесі АЭС референдумына дайындалып жатыр
ЛОНДОН. KAZINFORM – Лондон уақыты Астана уақытынан 4 сағат артта екенін ескерсек, 6 қазан күні Қазақстанда АЭС салу мәселесіне арналған республикалық референдумға дауыс беру де дәл сондай уақытқа кеш аяқталады. Бұл туралы Англиядағы тілшіміз хабарлайды.

Ұлыбритания астанасындағы № 376 сайлау учаскесі Қазақстан елшілігінің ғимаратында орналасқан.
Бұған дейінгі сайлаулардың тәжірибесі көрсеткен, дауыс берушілердің саны түске қарай көбейеді. Өйткені елдің әр түкпірінде жүрген қазақстандықтар Лондонға жеткен біраз уақыт керек.
Мұндай дауыс берушілердің көбі студенттер болады деген есеп бар. Бұған дейін де негізгі белсенділікті студенттер көрсететін. Сондай-ақ, осы елде уақытша тұрып жатқан, турист ретінде келген, іссапармен жүрген қазақстандықтар да елшілік ғимаратында өз таңдауын жасай алады.
«Референдумға дайындық қызу жүріп жатыр. Аккредиттелген журналистерге де осы жерден хабар таратуға қажетті жағдайдың бәрі жасалды», - дейді № 376 сайлау учаскесінің төрағасы Руслан Қарабұлов.
6 қазанда аталмыш сайдау учаскесі Лондон уақытымен таңғы сағат 7.00-де ашылып, кешкі сағат 20.00-де жабылады.