Лондондағы теракт: Автобустың жолаушыларды қаққан сәтінің видеосы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбіге қараған түні Лондондағы көпірде және Боро базары аумағында - елдің билігі мен күш құрылымдары терактіге бағалаған екі оқиға болды.
Желіде Лондон көпіріндегі шағын автобустың адамдарды қаққаны жайлы видео тарады.
Қатты жылдамдықпен келіп соққан автомобильден қолдарына пышақ ұстаған адамдар атып шығып, өтіп бара жатқан жүргіншілерге шабуыл жасаған.
Кадрларды Daily Mail басылымы жариялап отыр. БАҚ жеті адамның ажал құшқанын, 20- дан астамының жарақаттанғанын хабарлауда.
Бұдан басқа осы кеште Воксхолл ауданында тағы бір төтенше жағдай болды, бірақ бұл лаңкестікке жатқызылған жоқ.