Лондондағы теракт құрбандарын еске алу: Эйфель мұнарасының жарығы сөндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Париждегі Эйфель мұнарасының жарығы  Ұлыбритания астанасындағы теракт құрбандарын еске алу үшін сөндірілді.

Лондондағы теракт құрбандарын еске алу: Эйфель мұнарасының жарығы сөндірілді

Бұл туралы  NBC хабарлайды. Бұдан бұрын, Франция СІМ  басшысы Жан-Ив Ле Дрианның осы оқиғаға байланысты Лондонға баратындығы хабарланған болатын.

4 маусымға қараған түні Ұлыбритания астанасының орталығындағы Лондон көпірінде автомобиль жүргіншілерді басып кеткен еді. Кейінірек бұдан өзге Боро-Маркетеде де тағы бір оқиға болғандығы анықталды. Екі шабуыл да терактіге жатқызылды.  Кем дегенде алты адам қаза тапты.