19:37, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Лондондық Ситидің бұрынғы лорд-мэрі жазған кітаптың бір тарауы Қазақстанға арналады
АЛМАТЫ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - Лондондық Ситидің бұрынғы, 619-шы лорд-мэрі Джон Статтард Whittington to World Financial Centre кітабын жарыққа шығарды, оның бір тарауы Қазақстанға, соның ішінде Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына арналады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өз жазбаларында Статтард мырза еліміздің экономикалық және саяси даму келешегін, Азиядағы өсімнің жаңа нүктесін қалыптастыру бойынша Қазақстанның қолға алып жатқан іс-шараларын баяндайды. Ол Қазақстан өміріндегі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы секілді елеулі оқиғаларға баса назар аударады. Сондай-ақ автор аталмыш тарауда қазақстандық саясаткерлермен, соның ішінде ? Аркен Арыстановпен кездесуін әңгімелейді. Ұлыбритания мен Қазақстан экономикасы арасындағы өзара үлкен ықылас кездейсоқтық емес. Қазақстандық компаниялар үшін Лондон ? инвестицияларды, жаңа технологияларды тарту, іскер серіктестер іздеу үшін өте қолайлы жер. Британдықтар үшін Қазақстан ? көптеген салалары бойынша даму деңгейі жағынан ТМД және Шығыс Еуропа елдерін басып озып бара жатқан, сенімді институционалды базасы бар қарқынды даму үстіндегі жаңа нарыққа, Азия мен Каспий аймағына апарар жол. Жалпы өз кітабында Статтард, дәстүр бойынша, Ситидің лорд-мэрі 1 жылдық мерзімге сайланады деп түсіндіреді. Ол әлемнің ең үздік қаржы және банк орталығының басшысы болып табылады. Сити лорд-мэрі, сондай-ақ, лондондық теңіз портының адмиралы шеніне ие, патшайым жанындағы құпия кеңестің мүшесі және министрлер кабинетінің партиядан тыс мүшесі, Ұлыбританияның шетел нарықтарымен іскерлік қарым-қатынасты дамыту бойынша арнайы өкілі қызметін атқарады және бірқатар британдық ұйымдарды басқарады.