Лондонның Саутхолл қаласындағы қоймадан өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Лондонның батысындағы Саутхолл қаласындағы қоймадан өрт шықты. Ғимарат ішінде отшашулар мен газ баллондары болуы мүмкін. Бұл туралы ANEWZ агенттігі жазды.

Лондонның Саутхолл қаласындағы қоймадан өрт шықты
Фото: ANEWZ

Екі қабатты қоймадағы тілсіз жау сейсенбі күні таңда басталып, бірнеше сағатқа дейін жалғасты. Куәгерлер қою түтін әлі де бүкіл аумақ таралып жатқанын айтты. 

Ғимараттың шамамен үштен екісі отқа оранып, төбесі опырылып түскен.

Саутхолл, Хестон, Илинг қалаларындағы 150-ге жуық өрт сөндіруші қызыл жалынмен түнге дейін күресті. Лондон өрт сөндіру бригадасы комиссарының көмекшісі Пэт Гулборн құтқарушылар жарылыс қаупіне байланысты уақытша қауіпсіз қашықтыққа кеткенін, бірақ өртті бақылауға алу үшін алыстан құтқару жұмысы жалғасқанын айтты. Ол оқиға орнында бірнеше жарылыс болғанын, осыған байланысты алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін қосымша ресурс сұрауға мәжбүр болғанын хабарлады.

— Кейінгі өрт сөндіру жұмыстары жарылыс қаупіне байланысты және экипаждың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қашықтан жүргізілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнында түнге дейін қалады, — деді Гулборн.

Сақтық шарасы ретінде жақын маңдағы үш мектептің оқушылары мен тұрғын үй кварталындағы халық эвакуацияланды. Тұрғындарға өрт кезінде пайда болатын түтіннің көп болуына байланысты есіктер мен терезелерді жабық ұстауға кеңес берілді.

Бригада бұл оқыс оқиғаны «ұзаққа созылған жағдай» деп сипаттады. Сондай-ақ өртті толықтай сөндіру үшін жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталды. Құтқарушылар ғимараттың ішінде отшашулар мен газ баллондары болуына байланысты өрт әлі де жалғасып жатқанын айтты. 

Еске салайық, Түркістан қаласындағы мұнай базасынан өрт шықты.

Соңғы жаңалықтар