Лос-Анджелесте 53 өртеуді үйымдастыруға күдікті ұсталды

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Лос-Анджелесте 53 өртеуге күдікті ер адам ұсталды, одан келген шығын 2 млн. долларға жуықтап отыр, деп хабарлады Associated Press.
None
None

Қаскөйдің автомашинасын 2 қаңтар күні Голливуд көшесінен жергілікті шерифтің орынбасары байқап қалған. Ұстау кезінде ер адам қарсылық көрсеткен жоқ.

Лос-Анджелестегі өрттер 2011 жылғы 30 желтоқсанда басталған болатын. Голливудте және Лос-Анджелестің Сан-Фернанда аңғарында орналасқан бөлігінде бірнеше автомашина өртенді, от жалыны оның мңындағыүйлерге жайылды. Өртті сөндіру барысында бір өрт сөндіруші баспадан өұлап зардап шекті. Өртке шарпылған үйлердің бірінде атақты Doors рок-тобының әртісі және көшбасшысы Джим моррисон тұрған.  

Лос-Анджелес әкімшілігі өрт салғандар туралы ақпаратқа 35 мың доллар, Лос-Анджелес округінің билігі 25 мың доллар бәс тікті. Бұдан басқа АҚШ-тың алкоголь, темекі және отты қару жөніндегі бюросы 10 мың доллар сыйақы жариялады.

Соңғы жаңалықтар