Лос-Анджелестің батысында орман өртеніп, 10 мыңға жуық үйге қауіп төнді

АСТАНА. KAZINFORM – Калифорния билігі Лос-Анджелесте қаланың батысындағы кейбір аумақтарды шарпыған орман өртіне байланысты төтенше жағдай жариялады. Тұрғындарға эвакуациялау туралы бұйрық берілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

Лос-Анджелестегі өрт
Фото: BBC

Палисейдстегі эвакуация аймағында 30 мыңға жуық адам тұрады. Жергілікті билік өкілдері баспасөз конференциясында 10 мыңға жуық үйге қауіп төніп тұрғанын хабарлады.

Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсомның айтуынша, көптеген ғимараттар қазірдің өзінде өртеніп кеткен.

Қазір Лос-Анджелесте жүрген АҚШ президенті Джо Байден болып жатқан жайттан хабардар болып, штат пен жергілікті шенеуніктермен байланыста, деп хабарлайды CNN Ақ үйге сілтеме жасап.

Осыған дейін АҚШ-та JetBlue ұшағының шассиінен екі адамның денесі табылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар