Лос-Анжелесте Дүниежүзілік полицейлер және өрт сөндірушілер ойындары өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Лос-Анжелестегі Coliseum стадионында Дүниежүзілік полицейлер және өрт сөндірушілер ойындары ашылды.
Оған әлемнің 67 елінің өкілдері қатысуда. Ойын бағдарламасына тапанша және винтовкадан ату, үш жарыс, он сатылы жарыс, еркін күрес, карате, дзюдо, мотокросс, өрт сөндіру құралдарын өрістету бойынша бәсеке кіреді.
Алғашқы дүниежүзілік полицейлер және өрт сөндірушілер ойындарын 1985 жылы Калифорнияның спорттық полиция федерациясы ұйымдастырған болатын. Одан кейін әр екі жыл сайын жарыс АҚШ, Канада, Австралия, Швеция, Ұлыбритания елдерінде өткізіліп келді. Ал 2019 жылы жарыс Қытайда, 2021 жылы Нидерландыда өтеді деп жоспарланып отыр.