Лос-Анжелесте Қытай консульдығына оқ атылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні белгісіз біреу Лос-Анжелестегі (Калифорния штаты) ҚХР консульдығының ғимаратына оқ жаудырып, сосын өзіне қол салған. Бұл жайлы Los Angeles Daily News басылымы хабарлайды.

Лос-Анжелесте Қытай консульдығына оқ атылды

Басылым мәліметтеріне сүйенсек, шамамен 60 жастағы шабуыл жасаушы автокөлігінің терезесінен ғимаратқа бағыттап оқ атқан.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, оқыс оқиғадан консульдық қызметкерлері және басқа адамдар зардап шекпеген.