Лос-Анжелесте жүк машинасы бірнеше жүргіншіні қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні америкалық Лос-Анжелес (Калифорния штаты) аудандарының бірінде жүк машинасы бір топ адамды қағып кетті. 
None
None

Бұл жайлы Fox News телеарнасы хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, көлік Мид-Уилшир ауданында жаяу жүргіншілер серуендеп жүрген жолдың жиегіне шығып кеткен.  Оқиға салдарынан кем дегенде 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Олар ауруханаларға жеткізілді, төртеуінің жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр.

Қалалық полиция басқармасының өкілі Розарио Эррер телеарнаға берген сұхбатында  алдын ала мәліметтер бойынша, көлік адамдарды кездейсоқ қаққандығын және әдеттегі жол-көлік апатына жататындығын мәлім етті.  Жүргізуші оқиға орнынан ізін жасыруға тырысқан жоқ, полиция қызметкерлері оны тергеп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар