LRT құрылысында қанша шетел азаматы жұмыс істеп жатыр

LRT құрылысында қанша шетел азаматы жұмыс істеп жатыр
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Елордадағы LRT құрылысын жүргізіп жатқан жұмысшылардың бір бөлігі – шетелдіктер, деп хабарлайды Kazinform.  

«Астана LRT жеңіл рельсті көлік желісі – Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасының қарым-қатынастық келісім аясында іске асырылып жатқан халықаралық жоба. Ол келісімшартқа сай толық аяқтау көзделген. Кешенді жоба аясында құрылыс жұмыстары, жергілікті жұмысшыларды дайындау, оқыту мен үйрету қарастырылған. Биыл құрылыс жұмысына 1,5 мыңға жуық жұмысшы тартылды. Шетелдік жұмысшылар бойынша мәселелер мердігер компанияның өз құзырында», - деп жауап берді Kazinform сауалына Астана қаласының әкімдігі.

Сондай-ақ елорда әкімдігі LRT жобасына қанша қаржы бөлінгенін мәлім етті.

«LRT жобасы мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ сыртқы қарыз және облигациялық қаражаттарды тарту арқылы қаржыландырылды. Бүгінгі күні құрылыс 2026 жылға дейін іске асыру мерзімімен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр. Жобаның жалпы құны – 1 888 млн АҚШ доллары. 2023 жылы құрылыс 686 млн долларға қаржыландырылды», - делінген ақпаратта.

LRT құрылысы бойынша Астанада Сығанақ, Түркістан көшесіндегі қозғалыстың қайта ашылатыны туралы хабарлаған едік. 

Одан бөлек, әкімдіктен LRT желісі тәулігіне 25 мың жолаушы тасымалдайтынын айтты. 

Соңғы жаңалықтар