LRT құрылыс алаңында ілініп тұрған ерекше баннерлерге қатысты түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Астана LRT» серіктестігі құрылыс алаңдарының бірінде қытай және орыс тілдерінде жазылып, ілініп тұрған ереше баннерге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәсіпорын қауіпсіздік бойынша жеңімпаз. Өмір – ардақтаумен бағалы», - деп жазылған LRT-ның құрылыс алаңында ілулі тұрған баннерде.

Бұған қатысты түсінік берген аталған компанияның баспасөз қызметі мұндай баннерлер әріптестер арасындағы бірлік нығайтып, корпоративтік рухты көтеруге бағытталғанын түсіндірді.

«Мердігерлер корпоративтік рухты нығайту үшін осындай баннерлерді қолданады. Мұндай қауіпсіздік жөніндегі ескертпелер жазылған баннерлер жұмыс орындарында да ілулі тұр», - деп жауап берді LRT компаниясының баспасөз қызметінен тілші сауалына орай.

Айта кетейік, «Астана LRT» жобасының бас мердігері қытайлық «China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd» компаниясы.

Соңғы жаңалықтар