LRT пойыздарын қандай зауыт құрастырады

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Астана LRT» жобасына арналған пойыздарды вагон құрастыратын қытайлық «CRRC Tangshan Co.Ltd» компаниясы жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасынан мәлімдегендей, LRT пойыздарын жасайтын аталған компания Қытайда жетекші кәсіпорындардың бірі саналады.

«Жылжымалы құрамның қуаты - сағатына 115 киловатт, ең жоғары сыйымдылығы - 600 адам. Оны автоматты басқару үшін «GoA 4» технологиясы қолданылады. Бұл басқару жүйесі электр қуатымен жұмыс істейді», - делінген ҚазАқпарат тілшінің сауалына берілген елорда әкімдігінің жауабында.

Техникалық құжаттамаға сәйкес, жобада E-60 рельстері пайдаланылады. Әкімдік мәліметінше, бұл еуропалық стандарттарға сай келеді.

Бұған дейін LRT пойыздарының аялдамасы қай жерлерде орналасатынын жазып едік.


Соңғы жаңалықтар