LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Астананың жеңіл рельсті көлік жүйесі бір уақытта 19 құрамды қатыстырумен көп пойызды кешенді сынаққа өтті. 

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады
Фото: cts

Сынақ машинистің араласуынсыз, толық автоматты GOA4 деңгейінде өткізіледі. Қазіргі кезеңде пойыздардың нақты қозғалыс кестесі моделденуде, онымен бірге жолаушыларды отырғызу және түсіру, стансалардағы тұру уақыты мен басқа да негізгі жұмыс көрсеткіштері тексеріледі.

Осы кезеңнің нәтижелері жүйені қосымша баптауға және тұрақты жұмыс жағдайында LRT тұрақты, қауіпсіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Астанаға барлығы 19 құрам жеткізілді. Желіде 15 пойыз жүретін болады. Қалған құрамдар резерв ретінде қарастырылған.

Айта кетелік елордада LRT-ға қатысты қағидалар бекітілді

Соңғы жаңалықтар