«Lufthansa» әуе компаниясының Қазақстанға рейсін тоқтату себебі айтылды

АСТАНА. KAZINFORM — Көлік министрлігі «Lufthansa» әуе компаниясының Қазақстанға рейстерін уақытша тоқтату себебіне қатысты түсінік берді. 

Lufthansa
Фото: Frank Hoermann/SVEN SIMON/picture alliance

«Lufthansa» әуе компаниясының ресми ақпаратына сәйкес, ұшулар 2025 жылғы 26 қазан мен 2026 жылғы 29 наурыз аралығында келесі себептерге байланысты уақытша тоқтатылады.

— Әскери қақтығыстарға байланысты Ресей Федерациясының әуе кеңістігін айналып ұшу компания шығындарының артуына әкелді.

Әуе кемелерінің жетіспеушілігі, сондай-ақ жаңа ұшақтар мен қосалқы бөлшектердің жеткізілуінің кешігуі де әсер етіп жатыр. Қазіргі уақытта көптеген халықаралық әуе компания тапсырыс берген әуе кемелерін уақытында ала алмауына байланысты өздерінің тасымалдау жоспарларын қайта қарап жатыр.

Маусымдық жолаушылар ағынының төмендеу үрдісі көптеген әуе тасымалдаушысына тән, — делінген министрлік хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше Астана және Алматы қалалары арқылы ұшу компанияның жеке шешіміне байланысты рейстердің жүктемесін қамтамасыз ету мақсатында жалғасып жатыр.

Айта кетелік Lufthansa әуе компаниясы қазақстандық жолаушыларға өтемақы төлейтіні туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар