Луиш Нани «Ақтөбе» ойыншысы атанды

АСТАНА. KAZINFORM – «Ақтөбе» футбол клубы Луиш Наниді ресми түрде таныстырды.

Луиш Нани «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Фото: «Ақтөбе» ФК

Қос тарап бір жылға жарамды келісімшартқа қол қойды.

Оның бір айлық жалақысы шамамен 70 мың долларды құрайды.

Ағылшын Премьер-лигасының 4 дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы және Чемпиондар лигасының жеңімпазы португалиялық аңыз футболшы енді Қазақстан Премьер лигасында доп тебеді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Португалия құрамасының аңызы Луиш Нанидың Ақтөбеге келгенін хабарлағанбыз. Ақтөбеге келе салысымен ол «Ақтөбе» футбол орталығының 2025 жыл қорытындысы бойынша үздіктерін марапаттау кешіне қатысты.

Соңғы жаңалықтар