Лукашенко Беларусьтегі президент сайлауында дауыс берді

Беларусьте президент сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат BELTA-ға сілтеме жасап.

Лукашенко
Фото: БЕЛТА

Журналистердің «Кімге дауыс бердіңіз» деген сауалын алдын ала болжаған Президент: «Кімге деп сұрағың келсе, мен саған шынымды айтайын – барлығына!», - деп жауап берді. 

Александр Лукашенко дауыс беруге кедергі келтірмеу үшін басқа жерде баспасөз өкілдерімен егжей-тегжейлі сөйлесетінін айтты.

Мемлекет басшысы сайлау учаскесінде байқаушылармен қысқаша тілдесті. Ол Беларусь елінің байқаушылар үшін, сондай-ақ сайлауды жариялайтын журналистер үшін ашықтығын атап өтті. 

— Ештеңеге тыйым салудың қажеті жоқ. Біріншіден, бұл бізге қажет емес. Екіншіден, біздің ашықтығымызды көрсін, - деді Александр Лукашенко. 

Бұған дейін әлеуметтік зерттеуде Беларусь халқының 85,5 пайызы президент сайлауына қатысатыны айтылған болатын. Сондай-ақ Беларусьте президент сайлауы өтіп жатқанын хабарлаған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар