22:26, 13 Қаңтар 2015 | GMT +5
Лукашенко ЕАЭО мемлекет басшыларына үндеу жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь мемлекетінің Президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет басшыларына үндеу жариялады. Үндеуде 2015 жылдың 1 қаңтардан бастап Беларусь Республикасының Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес, Еуразиялық үкіметаралық кеңес пен Еуразиялық экономикалық кеңесте төрағалығы басталды делінген.
Белтадан хабарлағандай, үндеуде Беларусь ЕАЭО-ны аймақтағы экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қалыптастыратын маңызды интеграциялық бірлестік ретінде қарастыратыны атап айтылған.
Беларусь төрағалығы тату көршілікті сақтауға, экономикалық әріптестікті дамытуға, одақтың төртжақты экономикалық еркіндігін алға жылжытуға ықпал етуді: тауар, қызмет, жұмыс күші және капитал айналымының еркіндігін көздейді.
Беларусь тарапы ЕАЭО құрылуының барлық кезеңдерінде интеграциялық бірлестіктің экономикалық іс-әрекеттерін шамасынша либерализациялау қажет екендігін ашып айтып отырды. «Біз қазір де ЕАЭО-ның түп қазығы тауар айналымындағы шектеулерді алып тастауда жатқандығын қайталап айтамыз», - делінген хабарламада.