Лукашенко инаугурациядан кейін кадрлық өзгерістер жасады
АСТАНА. KAZINFORM - 27 наурызда Беларусь президенті Александр Лукашенко кадр мәселесін қарастырды, деп хабарлайды БЕЛТА.

Александр Лукашенко келесідей тағайындаулар жасады:
Матусевич Дмитрий Феофанович - Беларусь Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;
Егоров Александр Андреевич – Беларусь Республикасы Ұлттық банкі басқарма төрағасының бірінші орынбасары;
Игорь Георгиевич Белый – Беларусь Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі және бір мезгілде Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі;
Бубен Анатолий Анатольевич – Беларусь Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
Андрей Владимирович Андреев – Беларусь Республикасының Бразилия Федеративті Республикасындағы және бір мезгілде Парагвай Республикасындағы және Шығыс Уругвай Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
Тимофей Петрович Жигарев – Ұлттық статистика комитеті төрағасының бірінші орынбасары;
Ярковец Алексей Иванович – Ұлттық статистика комитеті төрағасының орынбасары;
Анатолий Анатольевич Глаза Беларусь Республикасының Ирак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
Бұған дейін президент Александр Лукашенконың инаугурациясы өткені хабарланған болатын.
26 қаңтарда Беларусьте президент сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенко Беларусь сайлауында сайлаушылардың 86,82 пайызы Александр Лукашенкоға дауыс бергенін хабарлады. Александр Лукашенко 7-ші рет Беларусь президенті қызметіне кірісті.