02:57, 22 Қараша 2014 | GMT +5
ЛУКОЙЛ 2015 жылы инвестицияларын 15 пайызға қысқартады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЛУКОЙЛ» 2015 жылы инвестицияларын 15 пайызға - 14 млрд. долларға дейін қысқартады, деп хабарлады Утро.ru компания басшысы Вагит Алекперовке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мұндай сома компания әзірлеген дамудың оптимистік сценарийі бойынша көзделген.
«ЛУКОЙЛ» бюджеті екі сценарийде - барреліне 80 долларға және 70 долларға есептеп жасалған», деп түсіндірді ол.
Алекперов қаржыландыруды шектеу негізінен жасалып жатқан соңғы сатыдағы нысандарға ғана қатысты болмақ, деп қосты..