«Лукойл» компаниясының грантын маңғыстаулық 61 кәсіпкер жеңіп алды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Енді мал шаруашылығы, тігін, ағаш, қолөнер шеберханаларын табыс көзіне айналдырып отырған кәсіпкерлер өздерінің шағын бизнестерін кеңейту мақсатында ақшалай көмек алып қана қоймай, кәсіби біліктілігін арттыру семинарларына да қатыса алады.
«Арай» грантына үміткер болуға 289 маңғыстаулық кәсіпкер өтініштері мен бизнес жоспарларын тапсырған болатын.
«Лукойл» мұнай компаниясының Қазақстандағы филиалының пиар-менеджері Лилия Ержанованың айтуынша,олардың ішінен 61-і грант сертификатын алуға лайықты деп танылды.
«Оларға «Арай» әлеуметтік бағдарламасы ауыл тұрғындарының шағын кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 850 мың теңгеге дейін қаржылай көмек беріп отыр», дейді Лилия Ержанова.
Грант тапсыру рәсімінің соңы «Өз бизнесіңді қалай бастауға болады?» атты тәжірибелік семинармен жалғасты.