«Лукойл» шетелдік активтерін сатуға келісті

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық мұнай сауда компаниясы Gunvor Group Ltd. «Лукойлға» ресейлік мұнай компаниясының шетелдік активтерін сатып алу туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Анадолы. 

«Лукойл» шетелдік активтерін сатуға келісті
Фото: Anadolu Ajansı

«Лукойл» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Gunvor топтың шетелдік активтерін біріктіретін LUKOIL International GmbH компаниясының 100% акцияларын сатып алуды ұсынды.

– Келісімнің негізгі шарттары тараптармен бұған дейін келісілген болатын. Өз кезегінде Лукойл басқа әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізбеуге келісіп, ұсынысты қабылдады. Lukoil International GmbH компаниясының сатылуы кейбір жекелеген мемлекеттердің Лукойлмен және оның еншілес компанияларына қатысты шектеу шараларын енгізуімен байланысты, - деп атап өтті компания. 

Лукойлмен жасалуы мүмкін келісімнің бағасы мен мерзімі әзірге нақтыланбады. 

Бұған дейін Нұрлан Жақыпов ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының санкцияға ілігуіне қатысты пікір білдірген болатын. 

Соңғы жаңалықтар